«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті. 10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы күшейтілген түрде қызмет етеді.
Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды.
«Қылмысқа мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда