Home Жаңалықтар ҰҚК Алматыда шетелдіктерге жалған құжаттар жасаған қылмыстық топты ұстады

ҰҚК Алматыда шетелдіктерге жалған құжаттар жасаған қылмыстық топты ұстады

54

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматыда қылмыстық топты тінту жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 15 қарашада ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен өзара іс-қимылда Орталық Азия өңірі елдері азаматтарының Қазақстан Республикасына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған адамдар тобының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топқа Көші-қон қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ шетелдіктерге құжаттар ресімдеуді жеделдету, оның ішінде № 086 үлгіде жалған анықтама беру жөнінде қызмет көрсеткен бірқатар делдал кірген», – делінген ҰҚК хабарламасында. Комитеттегілердің мәліметінше, қылмыстық іс фигуранттарында тінту жүргізу нәтижесінде 40-тан аса шетелдік азамат төлқұжаты, 2 миллион теңгеден асатын ақша және Қазақстанда шетелдіктерді заңдастыру бойынша басқа да құжаттар алынған. © ҰҚК баспасөз қызметі Көрсетілген топтың қылмыстық әрекеті жүйелі түрде және ұзақ сипатта болған. Шетелдіктер жалған мекенжайлар бойынша тіркеліп, жалған еңбек шарттары жасалған. ҰҚК мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАдам органдарын заңсыз ауыстырды деген айыппен ұсталған шымкенттік дәрігер жайлы не белгілі?
Келесі жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетін ғасырлық мерейтойымен құттықтады