Home Жаңалықтар Алматы мен іргелес ауылдардың арасына жаңа автобустар қатынайды – Ел жаңалықтары

Алматы мен іргелес ауылдардың арасына жаңа автобустар қатынайды – Ел жаңалықтары

64

Талғардың тұрғындары енді Алматыға су жаңа үлкен автобустармен қатынайды, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шағын қоғамдық көліктерге сыймай, жол азабын әбден тартқан халықты тасымалдауға үлкен автобустар берілді. Енді 203-бағыттың көліктері түгелдей ауыстырылады.

Осылайша Алматының автопаркі тағы да су жаңа әрі ыңғайлы автобустармен толығып отыр. Тасымалдаушылар қалаға жаңа 66 қоғамдық көлік әкелген. 10 автобус Талғар мен Алматы арасында қатынаса, қалғаны жетіспейтін бағыттарға жіберіледі. Сыйымдылығы үлкен жолаушылар көлігі 14-бағытпен де жүреді.

«Қазір тұрғындар Талғарға микроавтобуспен қатынап жатыр. Жолаушылар саны күн сайын артқандықтан, олардың орнына сыйымдылығы үлкен автобус жіберуді жөн көрдік. Жаңа автобустар өте ыңғайлы. Барлығы бейнебақылау камераларымен және Оңай жүйесімен жабдықталған», – дейді Алматы қаласы Мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматы тұрғындары мен қонақтарына ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаЖомарт Ертаевты Астанаға алып келді – Ел жаңалықтары