14 наурызда, бейсенбіде Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өклідері «Қазгидромет» РМК жіберген дауылды ескерту негізінде хабарлама жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Күннің жылуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде, яғни «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, «Медеу » мұз айдыны аумағында, Бутаковка шатқалының жоғарғы жағы мен Құмбел Су шатқалында (Алмарасан) 14-18 наурыз аралығында қар көшкіні болуы мүмкін.
Тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз. Сақ болыңыздар«, – деп ескертеді ведомстводағылар.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz