Home Жаңалықтар Желіде Димаштың жаңа бейнебаяны шықты

Желіде Димаштың жаңа бейнебаяны шықты

49

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («кете алмаймын») атты өлеңі жарық көрді, ол қытай телехикаясының саундтрегі екен, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа әннің бейнебаянын Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. «Қытай телехикаясына саундтрегім түсірілді. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін», – деп жазған ол видео түсініктемесіне.  Жас әншінің жанкүйерлері бейнебаяннан таңданысын жасырмай, көптеген пікір қалдырып жатыр.  «Өте əдемі орындау!!!», – деп жазған iskulovna_rr аккаунтының иесі.  «Димаш бауырым, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді, еліңді ұмытпа. Жарайсың, талант иесісің», – деген Досдан (doszhanabdu) есімді қолданушы.  «Не деген еңбекқор қазағым, тіл-көзден аман болсаң екен!», – деген Жазира (zhasira_84_astana) есімді қазақстандық.

Алдыңғы жазбаТехаста болған атыстан кемінде 18 адам қаза тапты
Келесі жазбаАтырау облысында Қытайдың 14 азаматы заңсыз жұмыс істеген