Home Қоғам Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы сайланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы сайланды

17
Бүгін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Бұған дейін оның кандидатурасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.

«Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды», – делінген хабарламада.

Дауыс беру барысын жарияланған бейнежазбадан көруге болады.

Ерлан Қошанов 1962 жылғы 14 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын инженер-механик мамандығы бойынша, 1991 жылы КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы Жоғары коммерциялық мектепті, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

— 1986–1988 жылдары – «Жезқазғантүстімет» ғылыми-өндірістік бірлестігінің байыту фабрикасында слесарь, шебер;

— 1988–1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі;

— 1990–1995 жылдары – Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, төраға орынбасары, төрағасы;

— 1999 жылғы ақпаннан 2003 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілі;

— 2001 жылғы қазаннан 2003 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;

— 2003 жылғы маусымнан 2006 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі;

— 2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы наурызға дейін – Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы;

— 2007 жылдан 2012 жылғы ақпанға дейін – Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары, Үкіметтің Мәжіліс пен Парламенттегі өкілі;

— 2012 жылғы 2 ақпаннан 2017 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы;

— 2017 жылғы 14 наурыздан 2019 жылғы қыркүйекке дейін – Қарағанды облысының әкімі. Өкілеттігі 2019 жылғы 17 маусымда ұзартылған;

— 2019 жылғы 18 қыркүйектен 2022 жылғы 1 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

Алдыңғы жазбаСатқындық — сенімнің сыналған сәті