Home Саясат Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

10
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеп, журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Президент өз сөзінде журналистер қауымының қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтті.

«Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер», – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі технология қарқынды дамыған кезеңде азаматтарды жедел, сапалы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ маңызды мәселелерге қатысты сараптама ұсыну журналистердің жауапты міндеті екенін айтты.

Президент мемлекет медиа саласы мамандарының еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

«Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Салтанатты шара барысында БАҚ саласының бірқатар өкілдері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Алдыңғы жазбаӘуезовті білмеу – Әуезовтің кемшілігі емес
Келесі жазба1 шілдеде Қазақстан түбегейлі жаңа дәуірге қадам басады