Home Жаңалықтар Қазақстандық қыз Саратовта пластикалық ота жасатқаннан кейін қайтыс болды – Денсаулық

Қазақстандық қыз Саратовта пластикалық ота жасатқаннан кейін қайтыс болды – Денсаулық

43

Саратовта пластикалық ота жасатқан Қазақстан азаматшасы қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Новости Саратова» порталына сілтеме жасап.

Мәліметтер бойынша, денеден майды сорып алу отасы TerraSomnia клиникасында жүргізілген. 39 жастағы әйел жансақтау бөліміне түсіп, кейін көп қаннан көз жұмған. 

Бұл клиника тәжірибесіндегі алғашқы өлім емес екен. 2017 жылы ота кезінде Саратовтағы Chelsea фитнес-клубының тең иесі қайтыс болыпты. 

РИА Новости тілшісі прокуратура мен тергеу органдары тексеру жұмыстарын бастағанын хабарлады. Саратов облысының прокуратура өкілдері екі жылда екі науқас қайтыс болған клиниканың қызметін тоқтата тұруға талап ететінін жоққа шығармады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЮлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды – Спорт
Келесі жазбаІІМ полицейлер алдында стриптиз билеген қыз түскен видеоға қатысты пікір білдірді – Ел жаңалықтары