Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.К.Тоқаевтың
назарына!
Еліміздегі түрлі дауларды шешу мәселесі соттарға жүктелген. Басқа жолы жоқ. Солайы солай, ал бірақ сот арқылы әділдікке жете алмай жүргенмізді бүкіл халық сайлаған Президентіміз білер ме екен? Төменгі жақ сыбайластықтың құрсауынан шыға алмай жатса, жоғарыдағылар үшін ақиқаттың тағдыры көк тиын екенін енді білдік.
Әсіресе, істің бәрін жоғарғы сот бүлдіріп жатқан сияқты. Олар жұмсақ креслода отырып алады да, сот өндірісіне қабылданған іс әбден зерделеніп, нақты әрі заңды шешім қабылданса да, төменгі соттардың шешімдерін бұзып, жібере салады. Сонда Жоғарғы сот үшін Қазақстандағы аудандық және облыстық соттар заңнан бейхабар, кодексті оқи алмайтын сауатсыз болғаны ма? Әрбір қаралған істің арқасында заң жолымен жетістікке жетемін деп үміттеніп жүрген адам бар-ау, оның үстіне заңдардың бабтарын қолданып шығарған соттардың шешімі тұр деместен жоғарыда отырғандар ойларына не келсе, соны істей беретінін басымызға түскесін енді білдік.
Мұндай іс-әрекеттер Қазақстандағы сот жүйесінің әділ еместігін айқын көрсетіп тұр деуге болады. Сөздің анығын айтқанда біздегі Жоғарғы сот жалпақ жұрттың сенімін ақтап жүр деуге әлі ерте. Өзге мемлекеттермен салыстыратын болсақ Қазақстанның сот жүйесі осал, кемшілік көп. Егер де тез арада реформа жасамаса, бүкіл қоғамның дамуына кедергі болып жатқан жемқорлар мен сыбайластардан тазара алмаймыз.
ҚР ПРезиденті, ҚР Парламенті Мәжілісінің сенаторлары мен депутаттары біздердің жанайқайымызға назар аударуларыңызды өтінеміз.Екі жылдан бері соттардың есіктерін қағып, аяғымыздан тозып денсаулығымыз нашарлады. Біздер өліп кетсек те жоғарғы сотқа бәрібір екен.
Жетісай аудандық соты 2022 жылдың 3-ші тамызында өндіріске қабылданған №5144-22-00-4/21 істі қарап, ескі мектеп ғимаратына және соған қарасты учаскелік жерге қатысты біздердің талап арызымызды толық қанағаттандырды. Алайда қарсы жақ аудандық соттың шешіміне қанағаттанбай облыстық сотқа апеляциялық шағым түсірді. Бұл шағым 2022 жылдың 23 қараша күні ( №4а-298) қаралып, олардың талабы қанаттандырусыз қалдырылды. Енді бұдан артық қандай әділдік керек.Сөйтіп біздер екі жерде ауданды және облыстық сотта жеңіске жеттік деп қуанып жүрсек, даулы іс ҚР Жоғарғы сотына өтті.
Өкінішке орай біздердің қауанышымыз ұзаққа созылмады. Аудандық , облыстық соттардың барлық заң талаптарына сәйкес зерделеп, қабылдаған шешімін Республикалық Жоғарғы Сот оп-оңай бұзып жібере салды. Біздің түсінбей тұрғанымыз, сот жүйесіндегі барлық билік жоғарғы соттың қолында болатын болса, онда бюджеттен миллиардтаған қаражат бөліп аудандық және облыстық соттарды асырағанша оларды тарқатып жібере салу керекқой.
Бірінің шешімін, бірі мойындамайтын, бір-біріне тістерін батыратын соттардың не керегі бар? Сондай соттар өзге мемлекеттердің алдында Қазақстандағы сот жүйесінің беделін төмен түсіріп жатыр. Міне бұл өте ұят тірлік.
Аса құрметті ҚР Президенті, ҚР Парламенті сенаты мен Мәжілісінің депутаттары!
Егерде байыппен қарайтын болсаңыздар аудандық, обыстық және Жоғарғы сот арасында үндестік жоқ. Екі деңгейдегі сот шешімді дұрыс шығармады деп қалай айта аласыздар? Олар да заңды терең оқыған, қабылдаған әрбір шешімге бастарымен жауап беретін білікті мамандар ғой.Егер де олардың шешімдері заңсыз болатын болса, онда аудандық және облыстық соттардың не керегі бар, тарқатып жіберіңіздер. Жоғарғы сот Қазақстандағы заңды өздерінің жеке мүддесіне пайдаланып, әділдікті аяққа таптаған жөнсіз іс-әрекеттерімен қарапайым халықты әбіржіп жатыр. Ал халық биліктен жоғары тұратынын ұмытпауымыз керек. Сіздерден өтініш, мұндай масқарашылықты тез арада тоқтатқанын жөн демекші едік.
Сапаралы ЖҮНІСОВ
Жылы су елді мекені, Жетісай ауданы Түркістан облысы, Байл: 87753294000