Өскеменде автовокзал маңынан адамның бассүйегі мен сүйектері табылды, қазір сол жерде полиция тексеріс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін 11.00 шамасында полицияға автовокзал ауданындағы Абай даңғылында адамның сүйектері табылғаны жайлы хабар түскен.
«Тасып әкелінген өнеркәсіптік топырақтан бассүйек пен сүйектер табылды. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр», – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz