Home Дарабоз Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың жартылай финалында ойнайды

Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың жартылай финалында ойнайды

60
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен сынға түсті.

Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Құламбаева – Сакелларидидің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Алдыңғы жазбаПолиция жүргізушілерге ескерту жасады
Келесі жазбаАйдар Сайтбеков ІІМ басшысының орынбасары болып тағайындалды