Home Жаңалықтар Жер де күрсінеді…

Жер де күрсінеді…

33

Иә,  адам баласы  секілді  Жер де  күрсінетін  көрінеді. Саналы  тіршілік  иесі,  басына  іс  түскенде,  тауы  шағылғанда, амалы  құрығанда,  қайғырғанда, жабыққанда   күрсінеді… Іштегі мұң-шерді айналасындағыларға айтпай-ақ  түсіндіреді. Жұбатуға  тырысасын,  я  болмаса «не  болды, күрсінетіндей?..» деп сұрайсың. Бұл  енді  сіз бен  біздің  арамызда  болатын  әңгіме. Ал  Жер күрсінсе,  оның халін «сұрайтын»  кім  бар? Ешкім…

Амал қанша, Жер де  күрсінеді екен. Бұл  жайшылық  болса  бір  сәрі? Күрсіністе  бір  гәп  жатса,  не  етпекпіз? Адамзаттың  алтын  бесігі Жер  неге  күрсінеді?

2001  жылы көк  төсінде қалықтап  жүрген  ғарыш серіктері Жерден әлдеқандай  дыбыс  шығатынын  тіркеген. Әрине басында  ешкім  оған  назар аудармады. Өйткені   жер беті  сақырлап қайнап  жатқан  су  секілді,  тіршілік ордасы.  Әлгі дауысты ғалымдар жер  бетінде көтерілген  күшті  дауыл, боранның,  я  болмаса  ұшақтардың  немесе  полигондарда  сыналған  түрлі  бомбаның   жаңғырығы  болар деп  қабылдаған. Алайда Жерден шығар  дыбыс   соңғы  4-5  жылда үдеген. Канада  ғалымдары  осы  дыбысты   арнайы құрал арқылы  жазып, жұмбағын  шешуге  тырысқан  көрінеді. Сүйтсе,  бұл  ешқандай жарылыстың,  дауылдың  ызыңы  емес, кәдімгі  жердің  күрсінісі  екенін   анықтаған.

Адамның  қапаланғанына    ұқсас  күрсініс  жерден  де  шығады  екен. Әлгі  дыбыс   бір  аптада  бір  немесе  екі-үш  рет қайталанып  отыратын  секілді. Ғалымдар дыбысты  адамның көкірегін  кере  ауыр  күрсінгеніне  ұқсатқан.

Жер де  күрсінеді… Неге? Әзірге  ғалымдар   мұның  сырын  таба алған  жоқ.  Бірақ  болжам  көп.   Есеп  бойынша Жердің  салмағы 6,6 сикстиллион  тонна. Санмен жазсақ 6 600 000 000 000 000 000 000  болады. Алапат  салмақ. Жер осыдан төрт жарым миллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Есеп  бойынша  әлі  2,5-3  миллиард  жыл  адамзаттың  бесігі  болып тұруға  мүмкіндігі бар  көрінеді. Сосын… бір  Құдай  біледі. Бірақ Жердің күрсінісінде бір  сыр  жатыр  деседі  ғалымдар.  Өйткені  осы  жұмыр  жердің  бетіндегі  саналы  тіршілік  иелері – адамдар өзін өзі  құртудың алдында  тұрған  көрінеді.  Ол – адамзаттың  пиғылының  тым   қиянпұрыстығында  жатса  керек.  Мәселен табиғатты  жөнсіз   пайдалану, осының  салдарынан  тепе-теңдіктің бұзылуы,  мұздақтардың  еруі,  мұхиттың  көтерілуі,  қалың қар  жауып, аласапыран боран, құмды  дауыл тұруы, қуаңшылық…  Бұған адам  баласының   ядролық  қару жасап, өз  тамырына  өзі  балта шабуға   ұмтылуы бар. Осының  бәрін Жер  болмысымен  сезіне  отырып, күрісенетін көрінеді.  «Өйткені  әлі  де  адамзатты  асырауға   3 миллиард  жыл    мүмкіндігі  бар  Жер, көп  ұзамай   саналы  тіршілік иелерінің  кесірінен өз миссиясын   ертерек  аяқтауы  мүмкін екенін сезеді. Күрсініс  сол. Өйткені  ол да жанды   дүние», –   канадалық  ғалымдар    осылай  дейді.

Жалпы  Жердің  күрсінген дауысын АҚШ ғалымдары  да  зерттеген. Әзірге  нақты бір болжам айта алмай  отырған  көрінеді. Бұдан  біраз  бұрын  мұхит  астынан  шығатын  бөгде дыбыстарды  да  АҚШ  зерттеу  орталықтары  тіркеген  еді. Бір  қызығы, АҚШ-тың ғарышты  зерттеу  орталығы (НАСА) Айдан  да  қоңырауға ұқсас  дыбыс  үздіксіз  шығып  тұратынын бұдан  біраз  жыл  бұрын  жариялаған. Бірақ Жерден,  Мұхит  астынан,  Айдан  шығатын  дыбыстардың  неден  болатынын әзірге нақты «мынау»  деп  айта  алған  орталық  жоқ.

Алдыңғы жазбаДос КӨШІМ: Басы-байлы тәуелсіз қазақ мемлекетін құра алдық па?
Келесі жазбаҚайдасың, Мағауия?..