Home Жаңалықтар Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

49

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1КО) бесінші жекпе-жегі алдында дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімнен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібектің кезекті қарсыласы қарсыласы америкалық Стивен Мартинес (18-4, 13 КО).

Қос боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Әлімханұлының салмағы 162 фунт, ал Мартинестің салмағы 160,4 фунт болды.

Айта кетейік, жекпе-жек 3 ақпан күні АҚШ-тың Фриско қаласында өтеді. Кездесуді Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бокс кешінің басты жекпе-жеінде ресейлік Сергей Ковалев пен колумбиялық Элейдер Альварес жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпиондық атағын сарапқа салады.

Алдыңғы жазбаАзаматхан ӘМІРТАЙ, экономист: Біздің шенеуніктер тек өз пайдасын ойлайды
Келесі жазбаАлматыда ПИК қызметкерлері сүңгі тазалауға ақша талап еткен – Ел жаңалықтары