«Шахмат тақтасында пешка болып уақыттан ұтуға тырысамыз немесе пешкадан ферзға айналамыз» дейді мамандар.
2014 жылдан бастап АҚШ-тан тарайтын ақпарат құралдары «РФ Калининград облысынан офшор ашпақ» деген ақпаратты бүкіл әлемге таратқан. Сол ақпараттың дақпыртымен біздің парламент те ұйқысынан оянып, мәселе Парламент мінберіне дейін жеткен. Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов «өзінің «ойын ережелері» айқындалған мұндай аймақты ашсақ ұтылмасымыз анық» деп, «Жезқазған немесе Семей қаласын оффшорлы аймақ үшін ең қолайлы аймақ деп есептеймін» деп ой тастаған қалың елге.
«Қазақстанның кейбір олигархтары Батыстан келген «сигналды» түсіне ме, әлде санкция Ресей компанияларын жекелеп емес, бәрін қармағына алғанын күтіп отыр ма?» – дейді .
Сарапшылар,бұл мәселемен біздің елдің де бетпе-бет қалу қаупінің жоғары екенін айта бастады. Себебі қазақ үкіметі кеше ғана ресейлік компаниялардың қазақ нарығынан кетпейтінін айтты. АҚШ пен Батыс елдерінің Ресейге бағытталған санкциясының әзірге бітер түрі жоқ. Ал қазақстандық компаниялардың , қазақ олигархтарының РФ компанияларындағы үлесі тағы бар. Саясаттанушы-дипломат Расул Жұмалы «Қазақ-Ресей бірлескен компаниялары АҚШ және Батыс елдері санкциясын ілінсе, қазақ үкіметінің саясаттағы ендігі жүрісі мен қадамы қандай болмақ. Шахмат тахтасында пешка болып уақыттан ұтуға тырысамыз ба, әлде пешкадан ферзға айналамыз ба? » деген сұраулы ойға басымдық береді.
РФ экономикамымен экономикамыздың интеграциясының тым тереңдеп кеткені, қазақ экономикасындағы ресейлік үлестің көптігі әлемдік нарық айдынында жанымыздың 20 пайызының Ресеймен бір кемеде екені белгілі.
Ендеше, бүгін болмаса да ертең біздің елде офшорлық аймақ құру мәселесінің мемлекеттік деңгейде көтерілуі әбден мүмкін.
Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың пайымдауынша, әлем офшордың экономикалық емес, саяси қырына көбірек басымдық береді, оның «иммунитетін» бұрынғымен салыстыруға болмайтыны белгілі болыпа қалды. ЕО офшорлы аймақтағы елдердің «қара тізімін» жасап, салық саясатына байланысты олармен ынтымақтасудан бас тартуға келісіп отыр. ЕО халықаралық стандартқа сәйкес келмейтін 47 елдің тізімін жариялады.
«Оффшор мәселесінен бұрын, оффшордағы қазақстандық компанияларды қадағалау керек, бақылауға алу керек. Капиталды ұстап тұру тетіктерін оффшорсыз-ақ ойластыруға болады. Ол үшін ел басшылары Өзбекстан сияқты кейбір топтардың экономикаға ықпалын әлсірету керек»,– дейді Эдуард Полетаев.
Сарапшылар заңсыз ақша айналымымен күрес, оның жолын кесу офшорлы аймақтарда да жүргізілетінін айтады. Тіпті байланысқа түсуді шектеп тастаған «қара тізім» ол жақта да бар екен.
Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Сергей Домнин офшорлық аймақтар жайлы негативті ойлардың формасын кейбір құқық қорғау орындардары қалыптастырып қойғанын айтады. Сарапшының пайымдауынша бұл мәселемен экономикалық дағдарыс енді ғана даму жолын түскен елдер емес, дамыған елдер де бетпе –бет қалып отырады екен.
«Қазір әлемнің елдері оңтайлы салық жүйесі арқылы инвестициялық климат қалыптастырып отыр» , – дейді Сергей Домнин.
Қаржыгер Ілияс Исаевтың пайымдауынша, офшорлы аймақты қалыптастыру үшін инфрақұрылымның бәсекенің кез келген түріне қабілетті болуы жеткіліксіз. Мұхитқа немесе әлемдік нарыққа шығатындай геосаяси артықшылыққа ие болуың керек. Оффшордың табиғаты тым саясиланып кеткен климатты көтере алмайды. Бірақ инвестициялық климат арқылы оффшорлық сипаты бар орталық ашып, жағымды инвестициялық қалыптастыруға мүмкіндік бар . Қазақстанның инфрақұрылымы қазір дұрысталып келе жатыр. Теміржол тораптары тауардың кез келген түрін сатып алуға қабілетті нарықты қалыптастырып, Таяу Шығысқа да жол ашты.
«1 шілдеден бастап Астанадан халықаралық қаржы корталығы жұмысын бастады. Қытайдың батыс бөлігіне жақын ешқандай хаб жоқ. Бұл Астана ХҚО үшін тиімді. Инвесторлар Астана арқылы Қытай нарығына шыға алады. Мұндай қаржы аймақтары әлемдік тәжірибеде мидшор деп аталады. Мидшорды жүйелеп алсақ бізге офшордың қажеті жоқ. Мемлекетте арнайы мамандандырылған экономикалық аймақ бар. Қалталыларымыз олардың мүмкіндігін пайдаланып жүрген жоқ. Бизнесті жүргізуге, инвестиция салуға қолайлы аймақты аймақты біз өз күшімізбен қалыптастыруымыз керек» , – дейді қаржыгер Ілияс Исаев.
Ілияс Исаевтың пайымдауынша, офшорға ұлттық –мемлекеттік компаниялар да кетуге бейім. Себебі бізде шетелдік емес, ұлттық компаниялардың өзі табысын жариялаудан қорқады. Сол себепті олигархтарымыздың офшорлық схемасы инфографиясында теке-тірес басым. Соңғы он жылда Қазақстаннан жылыстаған тікелей инвестицияның жалпы көлемі 58,3 млрд долларды құрады. Қаражаттың ең көп бөлігі 2010 жылы 10,5 млрд доллар кеткен. Ең аз 3 млрд деген доллар қаражат 2012 жылы кеткен. 2017 жылы Қазақстаннан кеткен қаржы көлемі 4,4 млрд доллар, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 36,7 пайызға төмен екен. 2018 жылдың қортындысы әлі белгісіз.
«Қазіргі жағдайда жұмысы мен іс –әрекетінің айқындылығын көтеру үшін қосымша әрекет керек. Офшор оларға табысын жасырын ұстауға мүмкіндік беріп келді. Мемлекет тарапынан тапқан табыстың қайда жұмсалғанын жариялап отыруды міндеттеу болмады. Мемлекеттік-ұлттық компанияның мемлекеттік қауіпсіздіктен құпиялылықтан өзге бағыты да, табысы ашық болуы тиіс», -дейді Ілияс Исаев.
Ілиясов Рауан
Алматы