8 қаңтарда Ақтөбе облысындағы Жаңажол ауылында мұнай қалдықтарын сақтайтын үш мың куб резервуар өртенді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Жаңажол мұнайгаз кешені мұнай зауытының аумағында болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Резервуарда мұнай мен су болған. Өрт сөндіруге сегіз арнайы техника мен 35 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Ақтөбе қаласынан қосымша ТЖД техникасы мен күштері (25 қызметкер мен бес арнайы техника) жұмылдырылды.