ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Бек Эйр» әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
— «Бек Эйр» әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі, — делінеді министрлік таратқан хабарламада.
































