Home Жаңалықтар Майк Джексоннан педофилия ісі бойынша жауап алу видеосы жарияланды – Әуен

Майк Джексоннан педофилия ісі бойынша жауап алу видеосы жарияланды – Әуен

34

Британдық Daily Mail басылымы поп-музыка королі Майкл Джексонның педофилия ісі бойынша тергеудің видеосын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жазба Нью-Йорктегі Four Seasons қонақ үйінде 1996 жылы 1 наурызда түсірілген. Джексоннан бірнеше адамға қатысты зорлық-зомбылық ісі бойынша жауап алынған, олар Джордж Чендлер, Бретт Барнс және «Один дома» фильміндегі рөлімен белгілі Маколей Калкин туралы болды, олар жиі атақты Neverland ранчоcында кездесетін.

Заңгердің кеңесімен Майкл Джексон балаларды қорқытуға қатысты сұрақтарды елемейді және өзін өте біртүрлі көрсетеді: күледі, бетін қолмен жабауып, есінеп отыр. 

Десе де ол жауап алу барысында бірнеше сөз айтты. Өзін «қара адам» деп атады және терісін ағартқанын мойындамады. «Мен гей емеспін», – деді әнші.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚұдайбергенов пен Киясов сот үкімін қайта қарауды сұрап жатыр – Қылмыс
Келесі жазбаАтырауда ер адам екі жыл бойы балаларын мектепке апармаған – Ел жаңалықтары