Home Жаңалықтар Зарина Дияс алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

Зарина Дияс алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

37

Лондонда өтіп жатқан Федерация кубогында қазақстандық теннисші Зарина Дияс алғашқы кездесуінде ұлыбританиялық Йоханна Контеден жеңіліп қалды. Бұл туралы BNews.kz сайты хабарлайды.

Алғашқы партияда Зарина Дияс ұлыбританиялық теннисшіні 6:4 есебімен жеңді. Бірақ қалған партияларда қазақстандық спортшы 3:6, 2:6 есебімен Йоханна Контеге жол берді.

Қос теннисші арасындағы бәсеке 2 сағат 41 минутқа созылды.

Айта кетейік, 20-21 сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтеді. Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрамасы өзара күш сынасады.

Әйелдер құрамасы теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне үш рет, яғни Францияға (2013), Канадаға (2017) және Ұлыбританияға (2019) жолдама алған.

Аталған жарыста қазақ елінің намысын Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Галина Воскобоева қорғайды. Олардың қарсыластары – Йоханна Конта, Кэйти Бултер, Хитер Уотсон, Хэрриет Дарт, Кэйти Суон.

 

BAQ.KZ
Алдыңғы жазба21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Келесі жазбаАқтөбеде маңындағы ауылда өрт салдарынан екі адам қаза тапты