Ақтөбе маңындағы Құрайлы ауылында өрт салдарынан 76 жастағы әйел мен 56 жастағы ер адам қайтыс болды, – деп хабарлайды «Мой ГОРОД».
Оқиға 20 сәуірде болған. Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Құрайлы ауылындағы жеке үйдегі өрт туралы хабар сағат 11-де жеткен. Оқиға орнына дереу төрт арнайы техникасы мен жеке құрамның 16 адамы жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенше үй толығымен жанып кеткен.
11:57-де, 13 минуттан соң өрт толығымен сөндірілді, сол жерден өртенген адамдардың денесі табылды. Болжаммен өрт – жатын орында темекі шегуден шыққан.