Home Жаңалықтар Қазақстан Президенті Нұрлан Нығматулинге бірқатар тапсырма берді

Қазақстан Президенті Нұрлан Нығматулинге бірқатар тапсырма берді

59

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды және заң жобаларының уақтылы қабылдануын сапалы әрі заңдық тұрғыдан сүйемелдеу қажеттігін айтты. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Алдыңғы жазбаЕлордада Жұмабек Тәшеновке ескерткіш орнатылады
Келесі жазбаПрезиденттің маңызды он бағыты: Ақмолада 5 мың пәтер пайдалануға беріледі