Home Жаңалықтар Мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылды тойламайтын болды

Мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылды тойламайтын болды

37

Министрліктегі мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылды тойлаймайтын болды. Бұл мереке үшін бюджеттен ақша бөлінбейтіндігін Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Біз мерекелік шара ұйымдастырмаймыз. Ал қызметкерлердің өзі атап өтеміз деп жатса, өз қалталарынан шығарады. Оларға жұмыстан тыс уақытта шектеу қоя алмаймыз, – деді министр.

Оның айтысына қарағанда, қаржы арнаулы мерекелерге ғана бөлінеді. Жаңа жыл бұл қатарға кірмейді.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан халқы жаңа жылдық тойлауға 200 миллиард теңгенің шамасында қаржы жұмсапты.

Дерек көз. qazaquni.kz

Алдыңғы жазбаЕркектің де жылайтын кезі болады (ВИДЕО)
Келесі жазбаБіз кімбіз, өзі?..