Home Жаңалықтар Алматы — Өскемен тасжолында алты автокөлік соқтығысты

Алматы — Өскемен тасжолында алты автокөлік соқтығысты

255

Алматы — Өскемен тасжолында жаппай жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасжолдың 182-шақырымында алты автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Toyota Land Cruiser, екі Mercedes-Benz, BMW, Mazda және «Нива» көліктері соқтығысты. «Барлық көліктер Алматыға қарай бет алған, алайда бірінің артынан бірі соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шекті, олар Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілді», — делінген хабарламада.  Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алдыңғы жазбаҚыздықсыз күйеуге шығу қиын екен
Келесі жазбаОлжас Құдайбергенов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды