Кейбір деректерге қарағанда дүние жүзіндегі қазақтардың ұзын саны 20 миллионнан асып жығылатын көрінеді. Нақтылай түссек, әлемнің 40 тан асқан мемлекетінде 7 миллионға тақау алаш баласы өмір сүріп жатыр. Ал, еліміздегі қазақтың саны 14 миллионның көлемінде. Жаман емес. Дегенмен айтқымыз келгені өзге елдегі қазақтың саны емес, өз еліміздегі алаш баласының есебі. Сонымен…
Әлеуметтік желілерде жарияланған деректерге қарағанда биыл да қазақ мектептерінде балалар сыймай жатқан көрінеді. Тіпті кей мектептерде бірніші сыныпқа барғандар он жеті – он сегіз сынып- топқа бөлініпті. «Ерекше жыл» деп жатқандар бар. Әлбетте, құдай көп көрмесін. Шүкір. Тәубә! Қазақтың өсіп-өнгені жақсы. Қуанамын. Осындайда Ұлттық статистика бюросның деректері қаншалықты нақты деген ой туады. Олардың есебіне қарағанда бүгінгі күні еліміздегі халықтың саны 20 миллионнан сәл асты. Оның ішінде қазақтың ұзын саны 14 миллионның көлемінде. Яғни елдегі халықтың 70 пайызынан астамды құрайды. Менің ше, осы сандар дәл емес сияқты. Қазіргі мектеп оқушыларының саны, бірінші сыныпқа барғандардың есебіне қарағанда қазақтың саны әлдеқайда көп секілді көрінеді. Жалпы алғанда кем дегенде елімізде қазақтың саны 20 миллионның маңайында сияқты. Елдегі өзге ұлтарды қоссақ 27-30 миллион болып қалатындай. Сонда деймін – ау санақ кезінде ұлтымыздың санын неге кем етіп көрсетеді? Қандай қажеттіліктен туындап отыр? Бұл жерде қандай құйтұрқы саясат жатыр? Кім не дейді?
Ақшарқат Көрпебай