Home Басты жазба Лавров қазаққа нені ескертті?

Лавров қазаққа нені ескертті?

59

Сергей Лавров жырынды саясаткер, кәнгі дипломат. 2004 жылдан бері әбжіл мемлекет Ресейдің Сыртқы Істер министрі. Соңғы бірер күнде сол Лавров «Қазақстан президентінің Санкт Петербургта айтқан сөзіне қарсы келді, теріске шығармақ болды» деген пікірлер ақпарат беттерінде айтылып жатыр. Қазақы қоғамда да талқылау жүруде. Дұрыс.

Бірақ әр айтқанына есеп беретін жырынды саясаткер әлгі сөзді тектен тек айтқан жоқ. Таразылап көрелік. Алдымен мынаған назар аударалық. Ол – БҰҰ жарғысындағы бір-біріне қарама –қайшы келетін баптар. Біріншісі мемелкеттердің территориялық тұтастығы, оның бұзылмайтындығы, ешкім оған қол сұқпайтындығы болса, екіншісі Ұлттардың өзін –өзі басқару құқығы берілетіндігі. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, дау осы жерден шығып тұр. Сәл шегініс жасалық. 2022 жылы Санкт – Петербургта Қасым Жомарт Тоқаев БҰҰ жарғысын алға тарта отырып, Украинаның Ресей жауалап алған Луганск мен Донецк аймағын жеке мемлекет ретінде мойындамайтынын тайға таңба басқандай қадап тұрып айтқаны белгілі. Арада үш жыл өткен соң, Лавров Тоқаевтың айтқанына қарсы шығып отыр. Неге үш жылдан кейін. Менің ше, Лавровтың сөзіне екі жақты қарау керек сияқты. Біріншісі, Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысын ақтап алу. Ол – Украинаның Луганск және Донецк облыстарындағы ормандай сіресіп отырған орыс жұртының (бұған Қырымды да қосуға болады) өз алдына жеке мемлекет болып бас көтергісі келетінін қолдау және олардың құқығын қорғау ретінде Украина жеріне басып кіруі. Негізгі сылтау осы. Міне, бұл жерде Ресей БҰҰжарғысындағы Ұлттардың өзін –өзі басқару деген бабын пайдаланып отыр. Осылайша соғыстағы әрекетін Әлем алдында ақтауға тырысып жатыр.
Екіншісі, Астанаға ескерту ретінде. Өйткені «Шығыс һәм Теріскей аймақтарыңда әлі ормандай қалың орыс отыр. Оларда ертең Украинадағыдай бөлініп, жеке мемлекет болғысы келуі ықтимал» деген астарлы әңгіме. Демек Лавровтың бұл сөзіне немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл ресми Мәскеудің Лавровтың аузымен айтқаны. Бұл жерде бізге ойлануға, сақтануға тура келеді. БҰҰ жарғысы және Ірі мемлекеттер берген кепілдік біздік қорғайды деген сенім, самарқаулық енді гәрі жүрмейді. Украинаға да кепілкдік берілген. Бірақ сол сақталып отыр ма? Жоқ! Олай болса, солтүсік облыстарды қазақыландыру саясаты тоқтауға тиіс емес. Өйткені ол жақта славяндар әлі де басым. Демек, «жау жоқ деме, жар астында» демекші, қауіпсіздік мәселесін осы тұстан қамтамассыз ету керек сияқты. Осы жерде ойға оралатын бір мәселе, Ресей федерациялық мемлекет. Құрамында жиырманың үстінде автономиялы республикалар, облыс, бірнеше аймақтар бар. Ертең олар «жеке мемелкет болғымыз келеді» десе, Мәскеу не деп жауап береді?

Азаматхан  ӘМІРТАЙ

Алдыңғы жазбаҚорабаеч таныстырған Қорабай…
Келесі жазбаТағы да  Арал  мәселесі, қайтпек керек?