Home Жаңалықтар Украина мэрі өзіне қарсы митингке қатысқан – Жаһан

Украина мэрі өзіне қарсы митингке қатысқан – Жаһан

35

Украинадағы Олевск қаласының мэрі Олег Омельчук өзіне қарсы наразылық акциясына қатысты. Оның суретін ITC.ua порталының бас редакторы Тарас Олейник Twitter желісіндегі парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Олевск қаласының мэрі өзіне қарсы митингке келді. Оны ешкім танымады. Мэр – 80-ші деңгейдегі тролль», – деп жазған Олейник.

Олег Омельчук жергілікті мэрияның алдында пикетке шыққан топпен суретке түсуге келісті.

«Ол келісті, одан плакат ұстап тұруды сұраған. Бірақ шынына келгенде, ондағы жазуды суретке түскеннен кейін ғана оқыған», – деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында «Стоп коррупции» басылымының тілшісі Александр Игнатьев.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Евровидение» байқауына билет сату уақытша тоқтатылды – Әуен
Келесі жазбаАлматыда Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығына орай «Күй шашу» концерті өтті – Өнер