Home Жаңалықтар Ширек ғасыр бірге жұмыс істеп келеміз – Назарбаев Мамин жайлы – Ел...

Ширек ғасыр бірге жұмыс істеп келеміз – Назарбаев Мамин жайлы – Ел жаңалықтары

28

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі бюросының отырысына қатысты. Сонда Мемлекет басшысы елдің премьер-министр қызметіне тағайындалған Асқар Мамин туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын одан әрі тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын талқылауға ұсынды.

«Бұрынғы Үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты сіздермен жаңа Премьер-Министр Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тәжірибесі бар. Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қала әкімі, көлік министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен, әсіресе инфрақұрылымды дамыту саласында, көп жұмыс атқарылды», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминнің интеграциялық бірлестіктердің жұмысына, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді атсалысқанын айтты.

«Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылдам ұмтылуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері мен комитеттер төрағалары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЖаңа Ұлттық банк төрағасы: Сенат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады – Ел жаңалықтары
Келесі жазба«Баланың басынан ұрған» – Желіде ақтөбелік тәрбиешінің әрекеті талқыланып жатыр – Тосын жай