Home Жаңалықтар Түркістан облысы аумағындағы №2020 әскери бөліміне тақау маңда өрт болды

Түркістан облысы аумағындағы №2020 әскери бөліміне тақау маңда өрт болды

75

№2020 әскери бөліміне тақау  жерде өрт болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 шілде күні сағат 21:02-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласынан 120  шақырым жерде,  №2020 әскери бөліміне тақау маңда құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері қабылдаған шаралардың арқасында сағат 22:35- те қызыл жалынның алды алынып,  22-57-де толық сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ үш гектарды құрады.  Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», –  деп атап өтеді комитеттен. Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22  маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

inform.kz

Алдыңғы жазбаБүгін – Ұлттық домбыра күні
Келесі жазбаАрысты жөндеуге 34,5 млрд теңге қажет