Home Жаңалықтар Арысты жөндеуге 34,5 млрд теңге қажет

Арысты жөндеуге 34,5 млрд теңге қажет

54

Премьер-министрдің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов Парламент Сенатының пленарлық отырысында Арысты қалпына келтіруге қанша қаражат қажет болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kzтілшісі.

Арыс туралы мәселені депутат Әли Бектаев көтерген болатын.

– 1 шілдеде жасалған алдын-ала есептер бойынша, 34,5 млрд теңге қажет, оның ішінде 4,5 млрд теңге әрбір тұрғынға 100 мың теңгеден төлем жасауға көзделген. Соған байланысты үкімет резервінен 2 млрд теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 млрд теңге, гуманитарлық көмек ретінде 1,5 млрд теңге қамтылды, – деді Смайылов.

Оның сөзінше, 7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру керек, оның ішіндегі 49 үй құлап қалған.

– Үйлерді қалпына келтіру үшін 19,2 млрд теңге қажет. 66 әлеуметтік нысанды жөндеуге 7 млрд теңге керек болады. Қалада 54 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорттық нысан бар, – деді ол.

Министр Арыстағы электр желілерін, жылу желілері мен инфрақұрылымды жөндеуге үкімет резервінен 2,2 млрд теңге бөлінетінін айтты.

– Жалпы, үкімет резервінен – 15,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден – 10,6 млрд теңге жоспарланған, «Самұрық-Қазынадан» 6 млрд теңге, демеушілер мен гуманитарлық көмек – 2,5 млрд теңге. Бірақ барлығын санап болғаннан кейін бұл сома өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингі Арыс қаласының шағын және орта бизнесі үшін алты айлық жеңілдетілген кезеңімен 48 айға 1 пайызбен 5 млн теңгеге дейін несие береді, – деді ол.

Алдыңғы жазбаТүркістан облысы аумағындағы №2020 әскери бөліміне тақау маңда өрт болды
Келесі жазбаАрыстағы төтенше жағдай: 136 үй қалпына келтірілді