Жұма күні Түркияның шығысындағы Элязыг провинциясында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды РИА Новости. Жер сілкінісінің тереңдігі – 7 шақырым. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4:30-да жер сілкінісі салдарына қаза тапқандар саны 20-ға жеткен. Құтқарушылар үйінділер арасынан 30 шақты адамды іздестіріп жатыр. Түркиялық Элязыг тұрғындары көшелерде жүр. Қала орталығында қираған ғимараттар көрінбейді, алайда Гюнбалы ауылының әкімі Озджан Гюндемнің айтуынша, қирандылар астында қалған адамдар туралы ақпарат бар екен. Жер сілкінісінен соң түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.