Home Саясат Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: Тоқаевты Әзербайжан Президенті қарсы алды

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: Тоқаевты Әзербайжан Президенті қарсы алды

70
2024 жылы 6 шілдеде жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына барды.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады. Саммит «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» тақырыбында өтеді.

Айта кетсек, 2024 жылы 6 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған. Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.

Алдыңғы жазбаБүгін – ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күні
Келесі жазбаАрмения АҚШ-пен бірлесіп, әскери жаттығу өткізеді