Бүгін – ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күні! Домбыра – ұлттық болмысымызбен, тарихи тамырызбен біте қайнасып жатқан қастерлі құндылығымыз, деп хабарлайды dodanews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде сөйлеген сөзінде домбыра қазақ халқының жаны, ұлт болмысының айнасы екенін тілге тиек етті.
«Біз ұлттық бірегейлігімізді сақтағымыз келсе, қастерлі аспапты қадір тұтуымыз қажет. Ол – біздің тереңнен тамыр тартатын төл тарихымыздың куәгері. Мерейлі мереке өнерімізді өрге шығарып, тұтастығымызды нығайта түсу үшін керек. Мен ұлттық құндылықты ұлықтайтын бастамаларды барынша дәріптеу қажет деп санаймын. Домбыра күні соның айқын көрінісі болуға тиіс», – деді Президент.