Home Жаңалықтар Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

65

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15:06-да Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі мен магнитудасы анықталып жатыр», – деді ведомство өкілдері. Жер сілкінісі «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансиялар желісімен тіркелгені айтылады.  «Жер сілкінісі эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы – 8,5. MPV – 3,7 Магнитуда. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілуі туралы мәліметтер: 2-3 балл», – делінген some.kz сайтында.

Алдыңғы жазбаДимаштың отбасы Игорь Крутойға туған күнінде не сыйлағаны белгілі болды
Келесі жазбаДариға Назарбаева Сенат спикері болып тағайындалды