Home Басты жазба Дональд Трамп: «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!» 

Дональд Трамп: «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!» 

257

Сонымен АҚШ-тың  47  президенті  болып 78  жастағы Дональд  Трамп  сайланды. Былайша айтқанда,  АҚШ  президенттері  тарихындағы  «ең  кәрі»  президент. Айтулы  бәсекеде демократ Камала Харристі  айқын  басымдылықпен  жеңді. Харристің  өзі  Трамптың  жеңісін  мойындады. Телефон  шалды. Құттықтады. Міне,  нағыз  демократия  деген  осы.

Айта кететін  бір  жайт,  2016  жылы Дональд  Трамп  демократ Хиллари Клитонды  президенттік  додада қапы  қалдырып, АҚШ-тың  45 президенті  болып, таққа  қонжиғаны  бар. Міне, бағы  жанып,  2021 жылы Джо Байденге амалсыз  беріп  қойған  тағын  қайтарып алды.  Екінші  мәрте  АҚШ  тізгін  қолға  алып  жатыр. Ұлықтау  салтанаты 2025  жылдың 20  қаңтарында Вашингтонда  Капитолииде  өтеді. Содан кейін  АҚШ-тың  ішкі-сыртқы  саясаты  қалай  өзгермек? Қай бағытта  болмақ? Трамптың  өзінің  айтуына  қарағанда  АҚШ  180  градусқа өзгеріске  ұшырамақ. Ішкі  сыртқы  саясат  қайтадан  сүзгіден  өтіп,   жаңаша  парақталмақ. Тіпті «уәде берілді,  уәде  орындалады» деген  ұстаныммен  жұмыс істейтінінде   айтып  үлгерді. Инфляцияға қарсы күрес, салықты  төмендету,  импорт  тауарларға  салынатын  баж салығы  көтерілетіні  соның  ішінде  өзге  елдерге  10  пайыз  ал, Қытай  тауарларына  60  пайыздық  салық  енгізілетіні  де тілге  тиек етілді. Тіпті  қызды  қыздымен, «Менің   биліктегі кезімде   ешқандай  соғыс  болмауға  тиіс»  деп те  өзгеге  сес  көрсетті.  «АҚШ-тың  мұнайы  Ресеймен Сауд  Арабиядан  да  көп. Қара  алтынның  тізгігі  біздің  қолда  болмақ»  дегенді  де  жеткізді.  Сонымен  Дональд  Трамп  АҚШ  жұртына арналған  алғашқы  сөзі  арқылы «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда»  деген  ишарамен  өзге  әлемді де  түртіп  өтті. Әсіресе,  Қытай,  Ресей  тіпті Еуроодақта   Трамптың  айтқандарынан  тітіркеніп  қалғаны  анық. Ресей   сарапшылары  «Трамптың  айтқанына көніп,  Украинадағы басып  алған  жерлерді кері  қайтара  алмаймыз»  десе, екінші  біреулері «Трамп   мұнай  бағасын құлатып,  Ресейді  тізерлетпек»    деген  үрейі әңгіме айтуға көшті. Трамптың  жеңісіне  Қытайда алаңдаулы.  Өйткені 2017-2021  жылдары  президенттік  тақта отырған  Трамп  Қытайға  «сауда  соғысын» ашқан. Аждаһа  елі «сол  сүргін  тағы  қайталанып  жүрмей ме?»  деп  қобалжулы. Сол  тұста Трамп  Еуроодаққа  да  қырын  қараған. Тіпті   «НАТО  ға  мүше елдер  төлейтін  жарнаны  көтеруі  тиіс»  деп  әлекке  салғаны  бар. Десек те,   кешелі  бері қайбір еуропалық  саясаткерлер  «Еуропа  соңғы  үш-төрт  жылда  есейді,  енді  оның  айтқанына  көне алмаспыз  дегенді  айтып  жатыр. Кім  қалай  деседе Дональд  Трамптың  билікке  екінші  мәрте келуі  әлемнің  біраз  жұртын әлекке  салып  жатқан сияқты. Бір  байқағанымыз Трамп осы  жолы саясаттан  гөрі  экономикаға,  бизнеске  көбірек  көңіл бөлетін  секілді. «АҚШ-тың  Қазақстанмен  ара  қатынасында  өзгерістер  бола  м?» дегенде келсек,  баяғы  қарым-қатынас  сақталып  қала  бермек.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ

Алдыңғы жазбаТоқаев Францияда
Келесі жазбаҚазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер аталды