Home Басты жазба Трамп Қазақстанға қалай қарайды?

Трамп Қазақстанға қалай қарайды?

23

Трамп  атқа  қонды.  Ұлықтау  салтанатындағы  сөзінің  «біссімілләсін»  «Американың  алтын  ғасыры  басталды» деуден бастады.  Одан  әрі: «Кез-келген  мәселеде  Американың  мүддесі  бірінші  орында  тұрады.   Біз  азаматтардың терісінің түсіне қарамастан қабілетіне қарай бағаланатын қоғамды құрамыз!»  деп  жалғастырды.  Трамп  өз  сөзінде   көп  дүниенің  басын  шалды. Ішкі-сыртқы  саясатқа тоқталды.  Әр айтқанында,  «АҚШ  әлемдегі  ең  қуатты  һәм  дәулетті  мемлекет  болып қала  береді»  дегенді  жиі  қайталады.

Ұлықтау жиынына  жиналғандардың  арасында  әлемнің   ең  бай адамдарының  отыруының  өзі   Трамптың  айтқандарына   кепілдік  бергендей  еді. Сөз  жоқ,    қайсыбір  мемлекеттер  «көп  полярлы жаһан»  дегенді  айтқанымен,   әліде  жұмыр  жердегі  барлық   елдер  АҚШ-тың  қас-қабағына  қарап  бетін де,  сөзін  де  түзейтіні  белгілі.  Осындай  әлеуетті  мемлекетті  Дональл  Трамп  одан  әрі  қуаттандырғысы  келеді.  Әлбетте   АҚШ-тың  47  президенті  Трапм  алдағы    төрт  жылда  не  істейді, геосаясатта    қандай өзгерістер  жасауы  мүмкін  деген  сауал  туындайтыны  хақ.   Оның   Орта  Азия  мен  Қазақстанға   қандай  көзқараста  болатынын   топшыламас  бұрын,  Панама, Гренландия және Венесуэла  жөніндегі  айтқандарына  назар аудара кетелік.  АҚШ   жағалауын   Атлант  пен  Мұзды  мұхит  жуып  жатқан  Данияға қарасты  Гренландия  аралын   1867 және  1946 жылы  екі  мәрте  сатып алу  жөнінде  ұсыныс  көтерді.  Соңғысында  100  миллион  доллар  ұсынды.  Алайда   Дания  Үкіметі   АҚШ-тың  айтқандарын  қабылдамады. Енді  міне  Трамп  осы  мәселені  тағы  көтеріп  отыр.  Дәл  қазіргі жағдайда  АҚШ  үшін  Гренландияның  табиғи  байлығы  яғни  көмір сутегі  отындарының  қажетті  шамалы.   Ең  бастысы  осы  аралдағы  әскери  базасын  сақтап  қалу. Питуффикте   ғарыштық  базасы  тұр.  Осында  орнатылған  құрылғы  радарлар  арқылы  АҚШ   бүкіл  Ресейді және  Қытайдың  солтүстік аймағын  алақанындағы  дүниедей  бақылап  отыр. Осы  жерде  орналасқан  құрылғылар   Ресей  тарапынан  қақтығыс  туындай  қалса,  қарсыласының  құрлықаралық  баллистикалық  зымырандарының  ұшу  бағытын   анықтайды. Демек,  бұл  арал  АҚШ-қа  ең  бастысы   осы  мақсатта керек. Панама каналына  келетін  болсақ,  Атлант  және  Тынық  мұхитын  жалғап   кемелердің  арлы -берлі  өтуі үшін   аса  қажетті  су жолы.  Әлемдік  тауар  тасымалының  25-30  пайызы  осы  канал  арқылы   өтеді.   Панама  мемлекетті   тек  осы  жерден  өткен  жүк кемелерінен  жылына  4  млрд доллар  пайда   көріп  отыр.  Осы  құрлықаралық  су  жолын  АҚШ  өз  бақылауына  алғысы  келеді.  Трамптың  бұл  ойы  қаншалық ты  іске  асады,  оны  уақытында көре  жатармыз. Ал,  Венесуэлаға келсек,   бұл  елдің  билігі  яғни   президент Никола́с Маду́ро  ресейшіл.  Мәскеудің ықпалындағы  адам. Сондай-ақ,   Венесуэла  мұнайға (302 миллиард  барлей)  өте бай  мемлекет.  Ал,  мұндай   бай елдің Ресейдің  сойылын  соғуы  Трампқа  ұанмайтыны  анық.  АҚШ жаңа билігіндегілердің ,  «Маду́рода  Мәскеуге  кетіп  Сирияны  тастай қашқан  Башар  Асадтың  көршісі  болуына  қарсы  емеспіз»  деуі  сондықтан. Демек,  бұл елде көп  ұзамай  «түрлі-түсті»  революция   орын  алуы  бек мүмкін.  Жалпы  Трамп  айтқандарын  бәрін   іс жүзінде  жасайтын  болса,   көп  ұзамай  әлемде  біраз  өзгерістер  орын  алуы тиіс.  Әлемдегі  қанды  қақтығыстарды  тоқтатуға  тырысқаныен  оның  орнын  экономикалық   «соғыстар»  басатыны  белгілі.Мұның  шет  жағасы  қазірдің өзінде  белгілі  болып  қалды.  «Егерде  әлемдік  қаржы  долларға  қауіп  төндіретін  болса ,  БРИКС   ұйымындағы  елдердің  тауарларына    100  пайыздық   баж  салығын  енгіземін»  деген  сөзі,  қазірдің  өзінде  іске аса  бастады.  Мәселен,  1  ақпаннан  бастап  Қытай  мен  Мексика  тауарларына  25 пайыздық   салық  енгізілмек.  Сондай-ақ,  «АҚШ   қаржысын   кім-көрінгенге  үлестірмеймін»  деген  ол,  сыртқы  елдерге  беретін  көмекті  90  күнге  тоқтатты. «Егер  Украинамен  бір келісімге келіп  соғысты  тоқтатпаса  Ресейде  «үлкен»  проблема  болады  деп   Мәскеуге  қарап  доқ  көрсетіпте  қойды.  Ал,  Долнальд  Трамп  Орта  Азия  және  Қазақстанға  қалай  қарайды  дегенге  келетін  болсақ,  алдыңғы  жазбаларымыздың  бірінде айтқандай   көп  өзгеріс  бола  қоймайды. Өйткені Трампты  бұл аймақтан  гөрі,  АҚШ-тың мүддесі  зор  өзге  өңірлер қызықтырары  хақ.  Алайда, Орта  Азия  елдерімен С5+1 форматтағы  диалог  жалғаса  бермек.  Себебі   бұл  өңірдегі  республикаларға   белгілі  бір  деңгейде  әсерін  тигізе  отырып,   Қытай, Ресей,  Иранның  аймақтағы   ықпалын  тежеп  ұстауға  тырысады.

Алдыңғы жазбаҰстаздар қауымы қасиетті
Келесі жазбаОспан  батырдың  Колчактан  несі  кем?