Home Жаңалықтар Головкиннің ізін басатын қазақстандық боксшы

Головкиннің ізін басатын қазақстандық боксшы

108

Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум ісін өзі жүргізетін орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұылының (5-0, 2 КО) болашағы туралы ойын айтты.

«Әлімханұлы Геннадий Головкиннің ізбасары екеніне сенемін. Оның үстіне екеуі де Қазақстаннан. Жәнібек айрықша талантты боксшы және мұны сіздер жұма күні кешке көре аласыздар», – дейді Арум.

Жұма, 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында Әлімханұлы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жек жеңімпазы бос тұрған екі – WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін тағады.

Тікелей трансляция астана уақытымен 13 сәуір таңғы 07:00-де басталады. Жекпе-жекті екі арна – QazSport мен Qazaqstan көрсетеді.

Әлімханұлы жұдырықтасатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британиялық Энтони Кролламен (34-6-3, 13 КО) жұдырықтасады.

 

vesti.kz

Алдыңғы жазбаСуданда әскери төңкеріс болды
Келесі жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға сапар жасайды