Home Жаңалықтар Ұстаздар қауымы қасиетті

Ұстаздар қауымы қасиетті

95

   Тарихы тереңде жатқан, отандық білім мен ғылымның көшбасшысы әрі ұзақ жылдар бойы   Орталық Азиядағы жетекші университеттердің бірі болуды жалғастырып келе жатқан  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі  ең беделді оқу орындарының бірі екені ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.  Мұндай ауыз толтырып айтарлық жетістіктерін университетте түрлі сала бойынша  білім нәрімен сусындап  жатқан  25 000 білім алушылар  ғана емес, 2000 профессорлық-оқытушылық құрам да мақтан тұтады. Соңғы жылдардағы ірі жетістіктердің бірі    –      университет беделді халықаралық  QS World University Rankings 2023 рейтингісінде жоғары орынға ие болып,  жылдан жылға  өз көрсеткіштерін одан әрі жақсартып келеді.  

Ел мақтанышына айналған университетіміз 2024 жылы өзінің 90- жылдық мерейтойын атап өтті. Бір адамның ғұмырындай ғана  90-жылда  оның  белсенді ғылыми білім беру қызметі, халықаралық ынтымақтастық пен  елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі оны халықаралық деңгейде  жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытудың қозғаушы күшіне  айналдырды.  Мұның барлығы, әрине  университеттің үлкен-кіші ішкі құрылымдық бөлімдерінің  «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып»  жүйелі де  сапалы  қызмет етуінің арқасында. Университетте бүгінгі таңда  16  факультет, 32 ҒЗИ мен орталықтар, 67 кафедра жұмысына  ғылым мен білімнің көшбасшылары мен өз ісінің майталман шеберлері, еліміздің елеулі азаматтары   өзіндік үлестерін  қосуда.   Осы бөлімдердің ішінде ең ежелгі әрі әлеумет үшін   аса құнды  кафедралардың бірі – Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы 2025-ші жаңа жылға   өзінің 85-жылдық мерейлі мерекесімен аяқ басты.  Аталмыш кафедраның университет тарихында алатын орны – ерекше. Өйткені, дәл осы кафедра адамзат үшін  ең қымбат мамандық иелерін – педагог-психологтер мен әлеуметтік педагог, менеджмент мамандарын кәсіби даярлап, отандық мамандар сапасының артуына өзіндік қомақты үлесін қосуда. Тарихи деректерге сүйенсек, алғаш 1937 жылы педагогика кабинеті ретінде  ашылып,  көрнекті тарихи  тұлға С.Қожахметов басқарған. Педагогика жеке кафедра ретінде 1940 жылы 12 қаңтарда құрылған. Алғашқы кезде аталуы  «Педагогика»,  кейін «Жалпы және этникалық педагогика»деп, бүгінгі күні «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы деп өзгертілді.

Әр жылдары кафедраны педагогика ғылымының дамуы мен қалыптасуына орасан зор үлес қосқан,  ғұлама ғалымдар мен ұлы тұлғалар басқарды, атап айтсақ,  Қожахметов Сұлтанбек, Қоқымбаев Шәкір, Тәжібаев Төлеген, Сембаев Әбдіхамит, Бержанов Қартбай, Арғынов Хасен, Мартынов Хасен, Садыков Борис, Ахметова Гульнас, Исаева Зәуреш, Мыңбаева Айгерім, Булатбаева Айгүл, Мұқашева Анар, Әлқожаева Нұрсұлу. Ал педагогика саласының бір туар  ғалым-профессорлары Ә.Табылдиев, Қ.Жарықбаев, Н.Хмель, Ж.Баширова,  К.Қожахметова,  А.Құсайынов, Ш.Таубаева,  педагогика ғылымдарының кандидаттары В.Спешилова, Т.Скибина, Қ. Қойбағаров, З.Жантекеева, Т.Мешітбаев, Л.Түрікпенова, В.Копылов, Е.Дайрабаев, К.Жолтаева С. Лактионова, Б.Мамырайым, С.Наушабаева, Б.Галиева,  Т.Ахметов,  У.Төлешова, В.Шахгулари, А.Айтбаева, Г.Қасен, Г.Мамырбекова     т.б. мамандар   кафедра іргетасының берік болуы үшін аянбай қажырлы қызмет етті. Педагогика саласының  сайдың ірі тасындай майталмандарымен  ұзақ жылдар қызметтес болудың өзі бір ғанибет десек артық айтқандық емес. Аталған ғалымдарымыз бен олардың ізбасар-шәкірттері   Ә.Тойбаев,  З.Садвакасова, К.Есенова Е.Оналбеков, Ә.Құдайбергенова, М.Шағырбаева, Қ.Б. Жұмабекова, С.Ә. Рамазанова, А. Отарбаева, Д. Ертарғынқызы, М.Мұрзағұлова, А.Масимбаева және т.б.жоғары мектеп педагогикасы, этнопедагогика, тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесімен  қатар, педагогикалық менеджмент, салыстырмалы педагогика, жоғары мектептегі ғылыми іс-әрекет теориясы, мектептің ұйымдастырушылық мәдениеті, гендерлік білім беру, ЖОО-дағы оқытудың ақпараттық және инновациялық технологиялары, цифрлық педагогика, инклюзивті білім беру сияқты бағыттармен   ғылыми зерттеу аясын әр кезең талабына сай кеңейтіп, ғылыми мектеп ісін асқақ  абыроймен жалғастырып, тарихи сабақтастықты сақтап келеді.

Кафедра ғалымдарының  үздіксіз,    ерен еңбектерінің арқасында бүгінгі таңда «Педагогика және білім беру менеджменті», «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика» мамандықтары бойынша үш деңгейде де  мамандар даярлауын жоғары жетістіктерінің дәлелі деп  білеміз.  Сондай елеулі табыстарының ішінде   әсіресе, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен, Ресей халықтар достығы университетімен бірлескен  білім беру бағдарламалары  «НААР» , «НКАОКА» т.б. рейтингілерінде жыл сайын   1  орынға ие болуы  айрықша атап өтуге әбден лайық. айрықша атап өтуге әбден лайық.

85 жылда және  соңғы жылдары  кафедра құрамы кәсіби білікті,  ғылыми  кадрлармен үздіксіз толығып отырды.  Атап өтсек,  А.Мағауова, Қ.Молдасан,  Э.Баярыстанова, Ж.Бақтыбаев, А.Альчимбаева,  А.Сембаева, А.Акрамова, С.Қоңырбаева, Д. Нұрғалиева, А.Қ. Дүйсенбаев, Д.Д. Байдалиев, Шакирова және т.б.

Қазіргі таңда  кафедрада ғылым докторларының бесінші буыны өсіп шықты. Бүгінгі таңда ол жай ғана кафедра емес, ғылыми-педагогикалық кадрларды, кәсіби құзыреттілігі жоғары   мамандарды даярлайтын ғылыми- әдістемелік орталыққа айналды. Кафедраның АҚШ-ның  Массачусет және Калифорния штаттарының, Түркияның  Эрзенжан және   Гази, Литваның  Вильнюс,  Шяуляй Венгрияның  Пеш, , Болгарияның  Бургас,  Оңтүстік Кореяның  Донгук, Бельгияның  Гент, Ресейдің, бірнеше беделді университеттерімен тең дәрежеде кәсіби әрекет етуі оның ғылыми деңгейінің жоғары көрсеткіші.

Сондай-ақ,кафедра  еңбегінің жемісі – түлектерімен мақтанады. Бүгінде кафедраның мыңдаған   түлектері елімізде ғана емес  алыс- жақын  шет елдерде жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Бақытгүл Иманбекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, п.ғ.к.

Алдыңғы жазбаЕлімізде пәтер бағасы өсуде
Келесі жазбаТрамп Қазақстанға қалай қарайды?