Home Саясат Тоқаев Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттері туралы хаттаманы ратификациялады

Тоқаев Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттері туралы хаттаманы ратификациялады

51
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттеріне қатысты хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.

Алдыңғы жазба680 миллион теңге жымқырылған: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді
Келесі жазбаЖәңгір хан реформалары