Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына барды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді», – делінген хабарламада.
Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.