Биатлоннан олимпиада чемпионы Анастасия Кузьмина «мылқау» сұхбат берді. Видео «Матч ТВ» телеарнасының Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
8 наурызда словак биатлоншы қызы Эстерсунде өткен әлем чемпионатында спринтте жеңіске жетті. Бірақ жарыс алдында ол ауырып, дауысы шықпай қалған. Осыған байланысты ол Дмитрий Губерниевтің сұрақтарына басын изеп қана жауап беріп отырды.
Невероятно милое интервью с Кузьминой, в котором она не произнесла ни слова ????
А здесь полный выпуск «Биатлона с Дмитрием Губерниевым»:https://t.co/xjX37AzY5N pic.twitter.com/RhPggOGtc4
— Матч ТВ (@MatchTV) 9 марта 2019 г.
Кузьмина Олимпиада ойындарында үш рет жеңіске жеткен. Эстерсундтағы спринттегі жеңісі ол үшін әлем чемпионатындағы алғашқысы болды.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz