Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға келді. Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды», – делінген хабарламада.
Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.