Қазақстанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылсын», – делінген жарияланған құжатта.
Бұрынғы министрліктің функциялары Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуы министрлігі пайда болдаы. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің барлық өкілеті осы министрлікке тапсырылады.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz