Атырау облысы Теңіз кен орнында 25 адам уланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 8 ақпанда Теңіз вахталық кентінде болды. «Юлмар Сервис» ЖШС-ның 25 жұмысшысы кешкі астан кейін өзін нашар сезініп, Құлсары аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың төртеуі ауруханада жатыр.
«Науқастардың жағдайы тұрақты. Улану себебін сараптама анықтайды», – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зылиха Құлғазиева.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz