Home Жаңалықтар ЕҚДБ: Қазақстан экономикасы құлдырайды

ЕҚДБ: Қазақстан экономикасы құлдырайды

35

Он жылдан кейін Қазақстанда мұнайдан түсетін табыс азайып, өмір сүру деңгейі төмендеп, халық табысы күрт кеміп, экономика құлдырайды, деп болжайды Еуропа Қайта құру және Даму банкі

Банк мәліметінше, 20 жылдан кейін Қазақстан бюджеті екі есеге дейін төмендеп кетуі ықтимал.

Осы орайда банк экономиканың құлдырауының алдын алу үшін мынадай төрт ұсыныс айтады:

Біріншіден, табыс көздерін әртараптандыру. Нақтырақ айтар болсақ, мұнайдан да басқа табыс көздерін дамыту. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, теңгенің мұнайға тәуелділігінің алдын алады.

Екіншіден, мұнайдан түскен табысты барынша тиімді пайдалану. Қазақстан Ұлттық қорда жинаған ақшасын қажетсіз халықаралық көрмелер мен мәдени шараларға емес, экономиканың әлеуетті салаларына инвестициялауы керек.

Үшіншіден, салық-бюджеттік саясатты өзгертіп, қосымша табыс көздерін тудыратын салаларға бөліп, тиімсіз салаларға бөлінген субсидияны алып тастау керек.

Төртіншіден, мемлекеттік қаражатты қысқамерзімді емес, ортамерзімді және ұзақмерзімді жоспарлау.

Сонымен қатар, банк Қазақстанда мұнайға тәуелділікті азайту үшін баламалы энергия көздерін дамытуды ұсынады.

Дерек көз. Naryk.kz

Алдыңғы жазбаНазарда – «Алтын домбыра»
Келесі жазбаМодрич «Алтын доп» иегері