Home Қоғам Қазақстанның жаңа премьер-министрі Олжас Бектенов!

Қазақстанның жаңа премьер-министрі Олжас Бектенов!

94

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Былтыр Бектенов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Антикор басшысы қызметін атқарып келген.

Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кеткен болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді.

Алдыңғы жазбаПедагогтарға 250 млн теңгеден астам үстемеақы төленбеген
Келесі жазбаБилік жаңармай, қоғам өзгермейді