Алматы облысындағы Текелі қаласында антитеррорлық жаттығулар өтіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік өкілдеріне сілтеме жасап.
Қаладағы кейбір көшелер жабылып, көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.
«Оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Тұрғындарды өткізілетін шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде тыныштықты сақтауды сұраймыз», – деді Текелі қалалық әкімшілігінің өкілдері.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz