Биылдан бастап Аралға баратын су мәселесі қайтадан қиындай бастауы бек мүмкін. Оның басты себебі, биыл Ауғанстан мемлекеті Күш –Тепа каналының құрылысын жартылай аяқтады. Каналдың ұзындығы әзірге 100 шақырым. Егер ол толығымен біткен кезде 300 шақырымды құрайды деп отыр.
Канал елдің теріскейіндегі аймақтарды сумен қамтамассыз етпек. Ауған билігі Кош –Тепа жылына 500 миллион доллар пайда әкелді деп есептеуде. Ауғандар Әмудария өзенінің суын соған бұруда. Демек, дарияның 40 пайыздық суы енді Өзбекстан мен Түркіменстанға бармай ауған даласына қарай кетпек. Әлбетте, мұның Қазақстанға «қанша қатысы бар?» деген сұрақ туындары хақ. «Қатысы бар» – деп айта аламыз. Әмудария суы азайатын болса, Өзбекстан жағы Сырдарияның суын өздеріне көбірек бұрып алуға тырысатыны хақ. Онда Кіші Аралға баратын су күрт азаяды. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысындағы дихандарда су тапшылығын көреді. Бұл үлкен мәселе. Ауғанстандағы Талибан үкіметі су ресурстары мен трансшекаралық өзендер бойынша халықаралық келісімдердің ешқайсысына қатыспайтынын ескерсек, Орта Азия республикалары ол елмен су мәселесін бөлісу туралы келісімге келуі қиынға соқпақ. Жарайды оңтүстіктегі дихандар Сырдарияның суын пайдаланып күн көрер. Ал, Аралды сақтап қалу үшін қайтпек керек? Соңғы жылдары дарияның суы молығып, Аралға тоқтаусыз барып жатыр. Қазір теңіздің бөлініп қалған Кіші Арал деген тұсы суға біршама толды деуге болады. Ол маңда балық шаруашалығы қайта өркендей бастады. Мәселен, Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарына қарасақ, өткен жылы Аралға 2,6 млрд текше метрге жуық су барған. Бұл бұрнағы жылдармен қарағанда әлдеқайда көп. Бірақ биылдан бастап жағдай күрт өзгеріп кетуі мүмкін. Қайтпек керек? Бұл жерде сонау Кеңес заманынан бері айтылып келе жатқан Сібір өзендерін Орта Азияға бұру жөніндегі ұсыныстарды тағы бір електен өткізуге тура келеді. Бір еске сала кететін жайт, кезінде Қаныш Сәтбаевтың арқасында «Ертіс – Қарағанды» каналы салынып, 1971 жылы пайдалануға берілгені белгілі. Арнадан жылына 2 миллиапрд текшеметір су өтеді. Осы каналды Аралға қарай неге созбасқа? Есеп бойынша мүмкіндік бар? Осының бәрін Ақорданың алдына дәлелдеп шығатын тағы бір Сәтбаев секілді мықты ғалым керек – ау. Қазір Есіл өзенін Аралға бұрсақ деп жатқандар бар. Бірақ Есілдің біраз суы Аралға жеткенше буланып ұшып кетеді. Азғантай су жұғынға жұрнақ болмайтыны белгілі. Әрине, жолдағы елдімекендерге тиімді болары сөзсіз. Бірақ Аралды құтқарып қалады деу, артық әңгіме. Бізге керегі, «Ертіс -Қарағанды» каналын Жезқазғанға тартып, ары қарай Аралға жеткізудің қамын ойлау керек. Сонда Аралды суға тотыру толықтай шешіліп қалмақ. Ал, каналдың бойында қаншама елдімекен бой көтеріп, қаншама адамға жұмыс табылар еді. Ауғандар канал құрылысын өз күшімен салып жатыр. Ал, біз олардан кембіз бе? Жезқазғанмен Арал арасына не бәрі он шақты су айдайтын насос бекеті салынса жетіп тұр. Сонда мұртымызды балта шаппайтын болады.
Азаматхан ӘМІРТАЙ