Home Жаңалықтар Синоптиктер 11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады: тұман және көктайғақ –...

Синоптиктер 11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады: тұман және көктайғақ – Ел жаңалықтары

36

«Қазгидромет» мамандары 11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еліміздің көптеген обылысында қар жауады. Тек батыс және орталық Қазақстанда бұлтсыз, ашық болады. Республиканың кейбір өңірлерінде тұман, боран және жел күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ және желдің екпіні секундына 15-22 метр болады. 

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда боран, тұман күтіледі, Шығыс Қазақстанда кейбір жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ал Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағандыда тұман күтілуде. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде көктайғақ болады.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаБритандық киноакадемия үздік фильмді атады – Кино
Келесі жазбаҚазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді – Бокс