«Қазақфильмдегі» қытай көліктері жөнінде әлеуметтік желіде шу болып жатыр. Ол жердің басшысы Азамат Сатыпалды да өз пікірін білдіріпті.
Басшы ретінде киностудияның 170 жұмысшысына жалақы тауып беру үшін, жерді жалға берсем де өзімді сатсам да өзім білем депті ол. Ал, өзге жұрт «мұынысы дұрыс емес» деген пікірде
Білдей Қазақфильм қызметкерлеріне қытай компанияларынан ақша алып беру миға кірмейді. Себебі, Жахан Отарғалиев, Дариға Бодықова дегендер қолында дымы жоқ болса да үйін залогқа қойып, көлігін сатып кино түсіріп, миллиардтап касса жинап жатыр. Ал, мың түрлі павильоны, штатта сценаристі, режиссері бар, техниканың түр-түрі бар білдей киностудияның қаржы жоқ деп қол қусырып отыруы қисынсыз. Мынадай ресурспен мықты кинолар түсіріп, прокатқа шығарып шылқып отыруға болады. Киностудия аумағын жалға бергенде, коммерциялық фильм түсіруге де рұқсат бар шығар? Сол мүмкіндікті неге пайдаланбайды екен?
Ешкім көрмейтін, фестиваль үшін ғана қыртымбай кино түсіріп, мемлекеттің миллиондарын игергенге мәз болып отыру модадан кетті. Шәкен Аймановтың ізі қалған, талай таланттар тарпаң басқан киностудия аумағын автосалонға айналдыру ақымақтық. Қанша ақшаға жалға беріп отырғанын да жасырып қалыпты. Демек, келісім-шартта бір кілтипан бар. Соны тексеру керек,
деп жазады журналист Диас Нұрақын.