Home Қоғам Самат Әбішке сот үкімі шықты

Самат Әбішке сот үкімі шықты

58

ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтар оқиғасы бойынша 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook-парақшасында жазды.

Оның сөзінше, үкім 26 ақпанда шыққан.

«26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды», – деп жазды Бапи.

Айта кетейік, Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодексі 362-бабы 4-бөлігі бойынша («Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғалған болатын.

Алдыңғы жазба«Қамауда қалған арман»
Келесі жазбаАлматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды