Home Жаңалықтар Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды

28

Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлері сотталды,.

2024 жылғы 19 наурызда Алматы Алмалы аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану дерегі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).

«Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді», – делінген хабарламада.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге залал келтірілген.

«Соттың үкімі бойынша, үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды».

Алдыңғы жазбаСамат Әбішке сот үкімі шықты
Келесі жазбаТоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақырды